Социум

Крещение мерекесі: Грузияның жаңа президенті түрмедегі 600-ден астам адамға рақымшылық жасады

Грузия президенті Михаил Кавелашвили инаугурациядан кейін 613 тұтқынды кешірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәлімдемеде «кешірім жасалғандарға отбасыларына оралып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік берілді» делінген. Президент Крещение мерекесіне байланысты сотталғандарға кешірім бергені айтылған.

Грузияның жаңа президентін сайлау 2024 жылдың 14 желтоқсанында өтті. «Грузия арманы» билеуші партиясының атынан осы лауазымға жалғыз үміткер болды. Бұрынғы президент Саломе Зурабишвили сайлау нәтижелерін мойындаған жоқ.

Михаил Кавелашвили 29 желтоқсанда ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісіп, ант қабылдаған еді. Оның инаугурациясы наразылықтар аясында өтті. Саясаткер өзінің алғашқы көпшілік алдында сөйлеген сөзінде елдің еуроинтеграция бағыты жалғасатынын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button