Госорганы

Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі 1 пайызға да жетпейді — Президент

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зияткерлік меншікті заңмен қорғау саласын жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда креативті индустрия секторы әлі дамымаған. Жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі 1 пайызға да жетпейді, оның жұмыспен қамту құрылымындағы үлесі де өте төмен. Сонымен қатар, бізде әлемдік аренада да талантымен танылған отандастарымыздың тұтас бір тобы бар. Біз елімізде креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасауымыз керек. Оның ішінде зияткерлік меншікті құқықтық құралдармен қорғау қажет. Бұл аса маңызды мәселе. Зияткерлік меншік – жабдық немесе технология сияқты мүлік», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент медиа, кино, музыка, дизайн, білім, ақпараттық технологиялар сияқты креативті индустрия салалары инклюзивті экономиканың даму көзіне айналғанын атады.

Другие новости

Back to top button