ГлавноеТуркестанская область

«Көз алдымда тірідей өртеніп кетті»: Түркістан облысында адам шошырлық жол апатында болған жолаушы оқиғаны айтып берді

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың саны онға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Бәйдібек ауданында үш көлік жоғары жылдамдықпен соқтығысып, өртеніп кетті. Сол жерде тоғыз адам мерт болды, ал біреуі опта кезінде қаза тапты. 14 адам ауруханада, олардың арасында қазір реанимациядағы балалар бар.

Құтқарушылар келгенге дейін үш көлік толығымен өртеніп кеткен. Көліктердің салондары адамдарға толы болған. Тоғыз адамды құтқару мүмкін болмады. Тірі қалған 15 жолаушы шұғыл түрде Шаян ауылының орталық ауруханасына жеткізілді.

“Өте жоғары жылдамдықпен жүрдік, кенеттен алдымызда жеңіл көлік пайда болды. Соқтығысып қалдық. Біздің микроавтобус бірнеше рет аударылды, мен ұшып кеттім. Алдымен минивэн өртеніп кетті, содан кейін қалғандарын өрт жалмады. Көбісі шыға алмады, олар көз алдымда тірідей күйіп кетті”, – деді зардап шеккен Алуа Байділдақызы.

Жолаушылардың көпшілігі – Созақ ауданының тұрғындары. Зардап шеккендер жеткізілген ауруханаға санавиация облыстық мекемелерден 11 хирург келді. Ота кезінде көп қан жоғалтқан 49 жастағы ер адам опат болды. Қазір бір кәмелетке толмаған науқастың өмірі үшін күресуде. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Реанимацияда тағы төрт бала бар, олардың жасы-  алты жастан 11 жасқа дейін.

“Келіп түскен пациенттердің барлығында мидың жабық жарақаты, сондай-ақ сүйек сынуы бар. Кеуде және іш қуысының жабық жарақаттары байқалады”, – деді Бәйдібек ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Бексұлтан Рысбеков.

Өлім апаты таңғы сағат 9-да болды. Апат болған жерді жабуға тура келді. Екпенді және Шаян ауылдары арасындағы облыстық трассаның жеті шақырымы жабылды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Күдікті анықталды, ол мерт болғандардың тізімінде.

“Nissan X-Trail автокөлігі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Үшінші көлік Toyota артта жүріп келе жатқан болуы мүмкін. Ол да соқтығысты. Қажетті сараптамалар тағайындалды, сол жерде тергеу жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Өлгендердің денелері жақын адамдарына әзір берілмейді. Өрттің салдарынан олардың жеке басын анықтау үшін көп уақыт қажет.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды.

Другие новости

Back to top button