Культура

«Көшеде талай концертті қойдым»: Төреғали Төреәлі өнерден алыстаған себебін әзілмен жеткізді

Өнері мен өмірі жиі ел талқысына түсетін Төреғали Төреәлі Атырау жұртшылығына концерт қойып, халықпен әзілдесті. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.  

Өнер иесі не үшін сахнадан көрінбей, гастрольге шықпай кеткенін түсіндірді.

“Концерт өткізіп, ән сапар жасамағалы екі жыл өтіпті. Бірақ көшеде талай концертті қойдым ғой. Уақытты босқа өткізбедім. Ондай болып тұрады. Ханның қызы да қателік жібереді. Әдейі емес. Құдайдың маңдайға жазғанымен келе жатырмыз. Бәрі адамның ниетіне байланысты екен. Біздің ниетіміз белгілі. Сіздердің көңілдеріңізді көтеру, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға өзіміздің өнерімізді үйрету, паш ету, осылай сіздердің көзайымдарыңыз болып жүру. Кейде ойлаймын, құдай бізді сіздердің іштеріңіз пыспау үшін жаратқан сияқты”, – деп әзілдеді әнші.



Сонымен қатар өнер иесі темір торға отырып шыққанын да жасырмады. Басынан қандай қиындық өтсе де, бір қауым ел болып концертінен қалмайтын көрерменге алғысын жеткізді.

“Көргеніме қатты қуаныштымын, атыраулық ағайын. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, шын ниетпен келгендеріңізге рахмет. Жақсылап жайғасып отырып алыңыздар. Отырыстың түр-түрі болады ғой. «Осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе?» деп бабаларымыз бекер айтпаған. Ана отырысқа қарағанда осы отырыс дұрыс екен», – деп елді күлдірді эстрада жұлдызы.

Другие новости

Back to top button