Госорганы

Көрші елдерден әкелініп жатқан көліктердің көбінде тиісті құжат жоқ – МКК ескерту жасады

Қазіргі таңда 125 автокөлік уақытша сақтау тұрағына орналастырылған

Қазақстан аумағына қайта сату мақсатында әкелініп жатқан автокөліктердің басым көбі кедендік ресімдеуден өтпейді және тиісті баж салығы төленбейді. Бүгінгі таңда ондай көліктердің 125-і иелерінен тәркіленіп, арнайы тұраққа орналастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Мемелкеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы кездерде Қазақстан аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын негізінен, Грузия мен Әзірбайжан азаматтарының уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Ондай көлік құралдары артынша Қазақстан азаматтарының меншігіне өтіп отырады.

«Ескере кетсек, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар саналады  және кедендік бақылауда болады», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.

Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң Қазақстанның аумағынан біраз уақытан кейін кетіп қалатыны байқалып отыр.

«Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл)  автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет, алайда шығып кетпеген жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады», — деді комитет өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті Полиция департаменттерімен бірлесе отырып рейдттік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырған, заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталынады.

«Қазіргі таңда 125 автокөлік уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті  Қазақстан азаматтарыннан тек заңнамаға сәйкес автокөліктерді сатып алуды сұрайды. Алайда Сіз алайын деп жатқан көлігіңіздің  шығу тегіне немесе заңдылығына күмәндансаныз Мемлекеттік кірістер комитетіне 1414 нөміріне байланыс орталығына хабарласуға құқығыныз бар», -делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button