Культура

Композитор Арман Қайназаров өмірден өтті деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде ақын, композитор Арман Қайназаровтың дүниеден өткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы “Адырна” порталы хабарлайды. 

 

Сазгердің неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ. Facebook қолданушыларының айтуынша, Арман Қайназаров “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылған.

Бұған дейін көптеген танымал қазақ әндерінің авторы Арман Қайназаровтың үйсіз-күйсіз жүргені белгілі болған еді. Кейін сазгерге көмек қолын созған жандар да табылды.

Арман Қайназаров – Ұлықпан Жолдасов, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әншілердің орындауындағы әндердің авторы.

 

Другие новости

Back to top button