Атырауская область

Көліктен басын шығарып, алкогольге ұқсас сусын ішкен: Атырауда ресейлік нөмірлі көлік жолаушыларының әрекеті наразылық тудырды

Атырау көшелерінде ресейлік нөмірлі көліктегі жолаушылар бейәдеп қылық көрсеткен. Олардың әрекетіне желі қолданушылары наразы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода Kia Sorento көлігінің екі жолаушысы жол ережесін бұзғаны көрінеді. Олар көлікті басқарып келе жатып, алкогольдік ішімдікке ұқсайтын сусын ішіп, көліктен денелерін шығарады. Тіпті видеода сусында екі ер адамның бір-біріне беріп жатқанын көруге болады.

Көліктің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін де қолданушылар байқапты.

Желі қолданушылары жол-көлік оқиғасын тудыра жаздаған бұзақыларды тауып, жазалауды сұрайған.

Полиция көлік табылғанын, айыппұл тұрағына қойылғанын мәлімдеді. Полиция жүргізуші мен жолаушыларды іздестіріп жатыр.

«Әлеуметтік желіде жүріп келе жатқан Kia Sorento көлігінен шығып, алкогольдік ішімдік ішкен адамдардың видеосы тарады. Бұл фактіге дереу патрульдік полиция бөлімшелері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта полицейлер аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтап, іздестіруде, содан кейін олар еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.

Другие новости

Back to top button