Карагандинская область

Көлікте түнеуге мәжбүр: Қарағандыда тұрғындар көмірге таласып жатыр

Қарағанды облысында тұрғындар әлі көмірге қол жеткізе алмай жүр. Соңғы күндері тіпті көмір сататын орындарда кезек күткен адам көбейген. Кейбір тұрғындар отынға қол жеткізу үшін тәуліктеп көлік ішінде түнеуге мәжбүр екендерін айтады. Ал өңірдегі шенеуніктер бұған халықтың өзін кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметі.

Айтуларынша, әкімдіктегілер тұрғындарды қысқа ерте қамданып, жаздан бастап көмір алуға шақырған. Бірақ құлақ асқандар аз болды дейді. Қарағандыда бүгін күн қатты суытып, көмір сататын орындарда жүк көліктерінің мынадай шегі жоқ ұзын-сонар кезегі пайда болды. Бір қап көмірге зар болғандар әбден қажыған.

Кешелі бері кезегімізді көлік ішінде күтіп жатырмыз дейді. Тұрғындардың айтуынша, мұнда күніне жүздеген жүк көлігі келсе, оның тек жиырмадан астамы ғана көмір алып үлгереді екен. Қазір облыста Шұбаркөл көмірінің тоннасы 13 мың 500 теңге тұрса, екінші сортты ұсақ көмір 11 мың 500 теңгеден саудаланып жатыр. Ал шенеутіктер ұзын- сонар кезекті халық өзі қолдан жасап отыр дейді. Себебі, «қыстың қамын жаз ойла» деп халыққа талай ескерткендерін айтады.

“Облыс қоймаларында шамамен 35 мың тонна көмір бар. Сондай-ақ, көмір қоры толықтырылады. Шұбаркөл көмірі күн сайын облысымыз бойынша 40 вагоннан көмір жөнелтеді. Температураның төмендеуіне байланысты халық көмір белсенді түрде сатып ала бастады.

Дегенмен біз тұрғындарға көмірді жазғы кезеңде ерте бастап алу қажеттігін ескертіп келеміз. Бүгінгі таңда көмірді жөнелту штаттық режимде жүргізіледі”, – Қарағанды облысы Өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақдидар Рымбек.

Ал елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, Шұбаркөл көмірінің нағыз бағасы — 5500 теңге болса, Майкөбе 6105, Қаражыра — 8300 теңгені құрайды. Бірақ әр аймаққа жеткізуіне қарай баға құбылып, құны 21 600 теңгеге дейін баратынын айтады.

 

Другие новости

Back to top button