Көлігінде өзін атып өлтірді делінген ер адам басшылық қызметте болған
Талдықорғанда өз көлігінде атылып өлді делінген 47 жастағы Ержан Ұстаев «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының экс-директоры болып шықты. Оның мәйіті желтоқсанның 13-де өз көлігінде табылған болатын, хабарлайды Экспресс К.
Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 47 жастағы ер азаматтың денесі Toyota Hilux Pick Up көлігінің салонынан табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өзін атып өлтірген болуы мүмкін.
Ер адам атыс қаруын қолдана отырып, өз-өзіне қол салған деген болжам бар. Шындығында, қажетті сараптамалардың тағайындалуымен сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында барлық мән-жай анықталады,
Ержан Устаев «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Алматыдағы филиалын басқарған. Марқұмның әріптестері оның жақсы басшы болғанын айтып отыр.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы Ержан Ұстаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ержан Ұстаев біздің компанияда 21 жылдан астам еңбек етіп, Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосты. Біз Ержанды жанашыр, шыншыл, жанкешті адам ретінде білеміз», — деді әріптестерінің бірі.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Ержан Ұстаев 1975 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. 4 қыркүйекте ол 47 жасқа толды. Экспресс КТалдықорғандағы қайғылы жағдай туралы бұған дейін жазды.