Культура

Көктемгі көңіл-күй сыйлайтын кино: Наурызда не көруге болады

Наурыз тек көктемгі жаңару мерекесі ғана емес, сонымен бірге жаймашуақ отбасылық басқосулар, тіл үйіретін тәтті-дәмділер және жақсы кино көретін уақыт. Егер Қазақстан мәдениетіне шомғыңыз келсе, Иви онлайн кинотеатры ұзақ демалыс күндерін тамаша толықтыратын фильмдер топтамасын дайындады.

Нұрикамал

1988 жыл. Композитор Тұрдықылыш Ізтаев — сөзсіз талант иесі, бірақ дәл қазір ауыр дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Жұбайы Ханбибі Есенқарақызы жұбайына қолынан келгенше қолдау көрсетіп жүр. Бала-шағаны бағып-қағып, үйдің шаруасын өзі дөңгелетіп, жұмыс істейді, тіпті табысты ақындық мансабын да тәрк кетті. Тұрдықылыштың шабытын қайтаруға тағы қалай көмектесе алатынын ойлап, жұбайының бір серпіліп қалып, көңілі көтерілер деген үмітпен тауда өтетін іс-шараға шақыртуды қабыл алды. Ойы жүзеге асты, бірақ оған өзі күткен себептер желеу болған жоқ: композитор Нұрикамал есімді жас қызға ғашық болып қалды, қыз бала шынымен де шабытын қайтарды, бірақ отбасын ойрандай бастады. Ханбибі қызғаныш пен қиын таңдауға тап болды – отбасын сақтап қалуы керек пе, әлде Тұрдықылыштың бақытты болуына мүмкіндік беру керек пе? Драманы Гүлбахрам Байбосынова, Олжан Дәлелхан және Фариза Еркемес ұсынады.

Айжамал

Сюжет тәжірибелі жедел қызметкер Данияр айналасында өрбиді, оған аса қиын тапсырма жүктелген: Айжамал есімді қыздың кейпін киіп, қауіпті есірткі сатушылар желісіне енуі керек. Миссияны ойдағыдай орындау үшін әйелдердің мінез-құлқын, қылықтарын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа «әріптестерінің» сеніміне кіруі тиіс. Күннен күнге жаңа өміріне тереңірек дендеген сайын Данияр кәсіби міндеттері мен желідегі қыздардың бірі Айдайға деген күтпеген жерден жалындаған ғашықтығының арасындағы шиеленісті сезіне бастайды. Оған деген құштарлығы мен көңілі өзі жасаған таңдаудың дұрыстығы жайлы ойлануға итермелейді. Фильм махаббат пен адалдық тақырыптарына бойлай отырып, триллер мен романтика элементтерін ұштастырады. Басты рөлдерде — Шыңғыс Сұлтанов пен Әдемі Бейшенбекова.

Адал алаяқтар

Ермек Шынболатов пен Дулыға Ақмолда түскен «Адал алаяқтар» шытырман оқиғалы комедиясын Иви сайтынан қазақ тілінде орысша субтитрмен онлайн көруге болады. Фильмнің сюжеті бойынша миллионердің алаңғасар ұлы Қуаныш әкесінің әмиянынан алаяқтықпен ақша алуға әбден дағдыланып алған. Ең жақын досы әрі сыбайласы Магамен бірге түрік курортында өзін әлдекімдер ұрлап кеткендей етіп көрсету үшін актерлер жалдайды. Ақшаны әкесі өзі әкеледі, бірақ өзі белгісіз қарақшылардың қолына түседі. Олар кәсіпкерді қайран қалған ұлының көзінше көлікке сүйреп тықты. Бұл қарымта әзіл ме, әлде шынымен болып жатқан жайт па?

Қапкарашка. Кубадағы оқиға

Отағасы Балтабектің жайбарақат өмірі үйіне жас кубалық қыз келіп, әке деп атағанда күтпеген жерден күрт өзгерді. Оқыс жағдайдың мән-жайын анықтай келе Балтабек өткен өмірінен өзі білмеген басқа да қырларын біледі. Фильм комедия мен шытырман оқиға элементтерін біріктіріп, жарқын кейіпкерлер мен күлкілі жағдайларға толы жеңіл әрі көңілді атмосфера сыйлайды. Басты рөлдерді Қуандық Шәкіржанов, Шынар Асқарова және Фатима Кулибали сомдады.

Той boy

Темірхан Асылбек түскен достық пен отбасы туралы жеңіл әрі жан сергітер комедия. Жас блогер Тима күтпеген жерден өте тиімді ұсыныс алады – табысты бизнесвуменнің кішкентай ұлының көңілін көтеру үшін екі апта бойы байлардың үйінде тұруы керек. Өркөкірек блогер бай отбасына туған күнге келгенде қандай іске кіріскенін білмей дал болады. Оның клиенті он жасар туған күн иесі Әсет болып шығады, дүниеде не болса, Әсетте соның бәрі бар, бірақ ата-анасының көңіл бөлгеніне, жылық ықылас танытқанына сондай зәру. Тима балаларды ұнатпайды, бірақ ақшаны әсте ұнатады. Сондықтан мерекеге қатысып қана қоймай, Әсеттің үйінде бір-екі апта тұруға келіседі. Ерекше мәміле оқиғалардың барлық қатысушыларының өмірін өзгертеді.

Наурыз – жаңару, салт-дәстүр, отбасылық бірлік мезгілі. Қазақстандық кино мерекелік атмосфераны сезінуге көмектесетін сан алуан жанрлар мен сюжеттер ұсынады. Көңіл-күйіңізге қарай фильм таңдап, жақындарыңызды жинап, сапалы кинематографтан ләззат алыңыз! Ивимен мейрам күндеріңіз одан да қызықты бола түседі!

 

Другие новости

Back to top button