Госорганы

Көкөністі өзіміз өсіреміз, бірақ сақтай алмаймыз – миинистр

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елдегі азық-түлік өндірісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр барлық өнімдер Қазақстанда өсірілетінін, бірақ көлемі жеткіліксіз екендігін айтты.

«Біз картопты өз маусымында импорттаймыз. Барлық дерлік өнімдерді өзіміз өсіреміз, бірақ оның көлемі жеткіліксіз. Қазір картопты да экспорттауға жететіндей шығара аламыз, бірақ оны сәуір айына дейін сақтай алмаймыз. Наурыз айының соңы мен сәуірде қандай да бір елден импорттауымыз керек. Өзбекстанға біздің картоп пен сәбіз қажет. Олармен келісім жасау үшін Өзбекстанға барамыз. Енді біз оларға картоп пен сәбізді орталықтан сатуға, содан кейін олардан наурыз-сәуір айларында картоп-сәбіз сатып алуға дайынбыз, бірақ мұнда баға деңгейі қалыпты болуы керек», — деп түсіндірді Серік Жұманғарин Үкімет отырысының аясында.

Сондай-ақ, Сауда министрі жақында Пәкістан делегациясымен кездесу өткенін атап өтті.

Оның айтуынша, картоп Пәкістаннан да әкелінеді.

«Екі апта бұрын мен Иранда болдым. Біз Ираннан не әкеле алатынымызды талқыладық: өнімдердің басым бөлігі – көкөністер, жемістер, алма, жидектер және т.б.», — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайтынын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button