Госорганы

Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келуі мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев

2050 жылға қарай Азия экономикасына табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Астанадағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Экологиялық өлшемнің маңызы арта түсті. Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді. 2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны орасан зор гуманитарлық апатқа ұшыратқанын еске салды.

«Осындай қиын кезде біз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін», — деді Президент.

Другие новости

Back to top button