«Кішкентай қыздарға сексуалды әуестігі бар ма?»: күйеуін педофил деп айыптаған блогер детектордан өтті (ВИДЕО)
Күйеуін жасөспірім қыздарға қырындады деп айыптаған блогер Құлпынай Калменова мен күйеуі Қолғанат Жұмабаев детектор өтірігіне отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Руслан Өтепбай өткізген эфирде Құлпынай Калменова 5 сұраққа жауап берді.
— Күйеуіңізге тұрмыстық өмірде көңіліңіз толатын ба еді?
— Жоқ.
Детектор: Дұрыс жауап берді.
— Күйеуіңізді бөтен әйелдерден жиі қызғанатын ба едіңі?
— Жоқ.
Детектор: Дұрыс жауап берді.
— Сіздің ойыңызша, күйеуіңіздің кішкентай қыздарға деген сексуалды әуестігі бар ма?
— Иә.
Детектор: Дұрыс жауап берді.
— Күйеуіңізден кек алғыңыз келді ме?
Детектор: Дұрыс жауап берді.
— Күйеуіңізден кек алу үшін оны педофилге теңедіңіз бе?
— Жоқ.
Детектор: Дұрыс жауап берді.
Сөз соңында Құлпынай Калменова детекторға өз еркімен, еш күштеусіз келгенін айтты.
«Кішкентай қыздарды жақтамай-ақ қою керек пе еді. Қыздарын әке-шешесі жақтамаса, мен не үшін жақтауым керек еді деген ой келеді. Ешнәрсе шығармай-ақ қоюым керек еді. Қыздар зорланғанда барып естерін жияр ма еді деген ой болады. Ерте айтсам да ешкім түсініп жатқан жоқ», — дейді блогер.
Ол сөзін жалғай отырып, баласының ешқандай ауруы жоқ, сау деген енесінің сөзін өтірікке шығарды.
«Сырттай сау балаға ұқсағанмен, дене пішіні күннен күнге өзгеріп жатыр», — деді ол.
Дәл осы детекторға Құлпынай Калменованың экс-күйеуі Қолғанат Жұмабаев та жауап берген. Алайда 30 жастағы ер адамның анасы видеоны жариялаудан үзілді-кесілді бас тартты.
«Қолғанат Жұмабаев менің қойған сұрақтарыма жауап берді. Біз оны таспалап алдық. Камера сыртында Қолғанат Жұмабаевтың анасы Баян ханым да отырған. Жауаптың бәрін алғаннан кейін Баян ханым естіген соң оның бәрін жарияға жар салудан бас тартты. Неге екені белгісіз. Ал оны Қолғанаттың рұқсатынсыз жариялай алмаймын», — дейді журналист Руслан Өтепбай.
Айта кетейік, Құлпынай Калменова экс-күйеуі Қолғанат Жұмабаевты 10-11 жасар қыздарға қырындады деп айыптаған болатын.