Павлодарская область

Кілемге орап, аулаға тастап кеткен: Павлодарда әйел адамды өлтірген күдікті ұсталды

Қылмыстық оқиға 17 қазанда болған

Павлодар облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментірің мәліметінше, қылмыстық оқиға 17 қазанда сағат 16.44-те Екібастұз қаласында болған.

«Полиция бөліміне «М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді» деген хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байланған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты», — деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Другие новости

Back to top button