Главное

Кез-келген көңіл-күйге арналған: Иви онлайн-кинотеатры қарашада болатын жаңа фильмдерді ұсынды

Ауа райы суытқанда үйде — жұмсақ пледпен, ыстық какаомен және жақсы фильммен өткізген уақыттың тамаша сәттер екенін еске түсіретін уақыт келді. Иви онлайн-кинотеатры көрермендерге көңіл көтеретін және ең маңыздысы туралы ойлануға мүмкіндік беретін бірнеше керемет картиналарды дайындады. Үздік қазақстандық актерлер, шытырман оқиғалы сюжеттер, әзіл мен драма. Әркім өзіне ұнаған фильмді табады.

 

Той boy

Жас блогер Тимаға күтпеген және өте тиімді ұсыныс түседі – табысты іскер әйелдің кішкентай ұлының көңілін көтеру үшін екі апта бойы бай үйде тұру керек болады. Мәселе баланың мінезі қиын, ал Тиманың балалармен тіл табыса алмауында. Темірхан Асылбек пен Айнұр Ниязова ойнаған оптимистік, жеңіл және жанға жайлы комедия Иви-де қазақ субтитрлерімен орыс тілінде қолжетімді.

Агашки по вызову

Осы комедияның бірінші бөлімін көргеннен кейін, екінші бөлімін де көргің келеді. Екі дос электрик карта ойынындағы үлкен қарызды жабудың жолын іздейді. Олар рөлдік ойындар индустриясында қосымша табыс табуды ұсынған бай альфонспен кездеседі. Кейіпкерлерді барлық жағынан үлкен қиындықтар күтіп тұр, достарға жағдайдан бірге шығуға тура келеді. Оқиғаның қалай болғанын білу үшін, басты рөлдерде Рүстем Жаныаманов, Ерлан Прімбетов және Баян Алагөзова ойнаған «Агашки по вызову» және «Агашки по вызову 2: Начало» фильмін Ивиден онлайн көріңіз.

Телохранитель

Бұрынғы әскери қызметкер Асқар қайғылы жағдайда бүкіл отбасын жоғалтты. Қайғы-қасіреттің салдарынан ол әбден есеңгіреп, өмірдің мәнін жоғалтты. Бірақ бір күні Асқарға бай кәсіпкердің қызының оққағары болуға ұсыныс жасалады. Ер жігіт, қайғылы ойлардан ойын бөлу үшін келіседі. Енді Асқарға ерке оқушыға қарауға тура келеді. Алайда, қыздың әкесі қауіпті қарақшыларға қарыз болғанда, жағдай әлдеқайда күрделеніп, қауіпті бола бастайды. Рөлдерді Тәуекел Мүсілім, Олжас Әлжанов және Фируза Шәріпова сомдайды.

 

Жақсы көңіл күйге арналған қазақстандық фильмдерді Ивиден онлайн көріңіз: Әсел Сағатовамен Что в её голове?, Жан Байжанбаевпен Ищу TOQAL для мужа, Дина Тасболатовамен Мой джинн фильмдері.

Другие новости

Back to top button