ГлавноеГосорганы

«Кемшілік Қытайдан кетіп жатыр»: Жамаубаев қазақ-қытай кеден статистикасының сәйкеспеуі жайлы

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаевқа мәжіліс кулуарында журналистер не себепті әлі күнге дейін Қазақстан мен Қытай кеден статистикасы сәйкеспейтінін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен бұл сұраққа мен бірнеше рет жауап бергенмін. Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір «Кеден» деген жаңа ақпараттық жүйені әзірлеп жатырмыз. Таяуда іске қосамыз», — дейді ол.

Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай кеден көрсеткіштерінің айырмашылығы 50 пайызға дейінгі көрсеткішті көрсеткен. Соңғы жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін азайған.

«Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Қысқа уақытта бәрін аяқтау мүмкін емес. Бұзушылықтар біздің тараптан емес, Қытай тарапынан негізінен кетіп жатыр. Олармен әрдайым келіссөз жүргізілуде. Олардың бәрін цифрландыру үшін ресурс пен уақыт керек», — деп түйді Ерұлан Жамаубаев.

Другие новости

Back to top button