Әнші Абай Бегейдің келіншегі, блогер Фариза Жұманова оқырмандарынан көмек сұрады. Ол жұбайын сахнадағы әріптесінен қызғанып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер өзінің Instagram парақшасына Абай Бегей мен әнші қыздың дуетінен видео салып, оқырмандарына «Тақсырды мына қыздан қызғанып бара жатырмын. Коментке келіншегі бар екенін белгілеп, есіне салып қойыңыздаршы» деп өтініш білдірген.
Жұздызды дует «Үрбибі» әнін орындап шыққан.
Желі қолданушылары блогерді қолдап пікір білдірген.
Кейбірі «Тақсырдың өзінің Үрбибісі бар», «Абай мырза, өзіңіздің Үрбибіңіз бар екенін ұмытпаңыз» десе, енді бірі «Олай қосып қоюдың қажеті жоқ. Дуэт әдемі орындады. Өнер деп қарайық. Өзге ұлтқа да құрметпен қарайық», деп жазған.