Госорганы

Келесі жылы авиамаршрутты субсидиялауға 8 млрд 200 млн теңге бөлінеді

Ішкі авиатасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады

Ағымдағы жылы халықты қолжетімді әуе тасымалдарымен қамтамасыз ету үшін 6 млрд. 900 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл қолдауға 9 облыстағы 23 авиамаршрут еніп отыр.

«Аптасына 644 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Ұшу қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында авиамаршруттарды субсидиялау механизмдері қолданылады. Келесі жылы бұл қаражат тағы да ұлғайып, 8 млрд. 200 млн. теңгеге жетіп отыр», — дейді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Другие новости

Back to top button