Госорганы

Кейбір зейнеткерлерге енді зейнетақы автоматты түрде төленеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен зейнетақы жарналарын аударған қазақстандықтар зейнет жасына жеткенде ай сайынғы зейнетақы төлемдерін автоматты түрде алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірлеген.

«Зейнет жасына жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы жинағын алу үшін қорға жүгінбеген азаматтарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері автоматты (өтінішсіз) түрде төленеді деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Агенттік осы тетік зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.

Другие новости

Back to top button