Социум
Каспийдің Әзербайжан жағында қуаты 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Каспий теңізінде жер сілкінді. Оның эпиорталығы теңіздің Әзербайжан жағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен 30 желтоқсан күні түнгі сағат 01:14-те тіркелген.
«Жер сілкінісінің магнитудасы 4 балл», — деп хабарлады орталық.
Әзербайжанның баспасөз құралдары жазғандай, жер дүмпуі Каспийдің осы елдегі бөлігінде болған.