Мангистауская область

Маңғыстау облысында ақша жинаған мектеп басшылығы сотталып жатыр

Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

“Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды”,  – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

“Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Другие новости

Back to top button