Ғылым және техника

Kaspersky Who Calls: 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда телефон алаяқтығына тап болғандардың үлесі он пайыздық тармаққа өсті

Kaspersky Who Calls* шешімінің деректері бойынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында алаяқтық деп күдікке ілінген белгісіз нөмірлерден телефон қоңыраулары түскен Қазақстандағы пайдаланушылардың үлесі 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда он пайыздық тармаққа артып, 22%-ға жеткен.

«Осы жылдың басында біз өз шешімімізді пайдаланушылар арасында банк карталарының деректерін бөгде адамдардың сұрау салу, ақшаны қауіпсіз шотқа аудару ұсыныстары туралы жазылған көптеген пікірлерді** байқадық. Мұндай схеманың салдарынан адам жеке қаражатын жоғалту қаупі бар, сондықтан біз шабуылдаушымен әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз», — деп атап өтті «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.

Әдетте шабуылдаушылардың әдістері байланыс арнасына қатысты айтарлықтай өзгермейді, құқық қорғау органдарының қоңыраулары өзекті болып қала береді — алаяқтар ІІМ, полиция, жол полициясы, тергеушілер және т.б. қызметкерлері болып танысады, сонымен қатар, олар көбінесе жомарт акция немесе ұтыс туралы хабарлайды, атап айтқанда автомобиль ұттыңыз деп қоңырау шалады. Бұл схема пайдаланушының фишингтік сайтқа өтуін немесе жоқ жүлдені алу үшін қандай да бір соманы енгізуді көздейді. Тағы бір кең таралған нұсқа — адамға жарнамада орналастырылған тауарды сатып алу ұсынылғанда және төлем үшін карта мәліметтерін, соның ішінде CVC кодын толтыру үшін көшірме сайтқа сілтеме жіберілетін жағдайлар бар.

Қаскөйлердің құрбаны болмау үшін сарапшылар пайдаланушыларға мынадай кеңес береді:

  • сәл күмәндансаңыз, телефонмен сөйлесуді аяқтаңыз;
  • күдікті хабарламалардан сілтемелерге, тіпті таныстар жіберген болса да, өтпеңіз;
  • өз құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіз: сервистердегі есептік жазбалардан құпиясөздер мен логиндер, SMS және push-хабарламалардан кодтар;
  • белгілі бір нөмірге алаяқтық туралы шағымдар түскен-түспегенін білу үшін — Kaspersky Who Calls сияқты арнайы шешімді қолданыңыз.

 

* Деректер 2022 жылдың қазан — желтоқсан айларында, сондайақ 2023 жылдың қаңтар-наурызында Kaspersky Who Calls қолданбасының аноним статистикасы арқылы алынды.

** Kaspersky who calls пайдаланушылары 2023 жылдың қаңтар — наурыз айларында қолданбада қалдыра алатын анонимді шолуларға негізделген деректер.

Другие новости

Back to top button