«Касперский Зертханасының» шешімдері SE Labs халықаралық сынағы барысындашабуылдардың 100%-ына тойтарыс берді
2023 жылдың бірінші тоқсанында SE Labsкомпаниясы бизнеске арналған Kaspersky Plus, Kaspersky Small Office Security, KasperskyEndpoint Security сынақтарын өткізді. Компания оларды тағы 15 компанияның соңғы құрылғыларын қорғау шешімдерімен бірге сынап көрді. «Касперский Зертханасының» барлық өнімі ең жоғары қорытынды балл жинап, 100%-ғатиімділігін көрсетті. Оларға AAA максималды рейтингі берілді.
Тестілеу барысында шешімдер әртүрлі қауіпке сыналды, мәселен белгілі әдістерді қолдана отырып, мақсатты шабуылдардан бастап, нақты пошта және интернет қауіптеріне дейінтексерілді. Тестілеу шешімдердің нақты уақыттағы қауіптерді қаншалықты тиімді анықтайтынын және бұғаттайтынын, сонымен қатар, қанша жалған оң позитивтер шығаратынын анықтады.
«Касперский Зертханасының» барлық шешіміTotal Accuracy Rating көрсеткіші бойынша ең жоғары баға алды — 1144 балл. Ол екі бөліктен тұрады. Біріншісі — Protection Rating. Мұнда «Касперский Зертханасының» шешімдері жүйені бұзуы мүмкін барлық қауіпті анықтағаннан, бұғаттағаннан және алдын алғаннан кейін максималды 400 балл алды. Екінші бөлім — Legitimate Software Rating. Осы көрсеткіш бойынша шешімдерге максималды 744 балл берілді, мұндай бағалау әр өнімнің пайдаланушымен өзара әрекеттесуін ескере отырып, заңды қосымшалар мен URL мекенжайларын дәл жіктеу үшін беріліп отыр.
«Касперский зертханасы» әр тоқсан сайынғы SE Labs сынағына қатысады. 2022 жылы компанияның шешімдері осындай төрт сынақтың үшеуінде бірінші орынға шықты. Олар қорғаудың 100% нәтижесін көрсетті, Total Accuracy Rating максималды мәнін және ААА ең жоғары қорытынды рейтингіне ие болды.
«Зиян бағдарламалық жасақтама үнемі дамып отырады, сондықтан ұйымдар мен жеке пайдаланушылар деректердің жоғалуы мен тарапкету ықтималдығын, қаржылық тәуекелдерді, корпоративтік инфрақұрылымның бұзылуын және басқа да көптеген жағымсыз ықпалды азайту үшін өз құрылғыларын тиімді қорғауы маңызды. Біз киберқауіптерді үздіксіз анықтап, зерттейміз және қорғаныс технологиялары мен өнімдерін жетілдіреміз. Біз SE Labs сынақтарына 2016 жылдан бастап үнемі қатысып келеміз, ал бұрын 2010 жылдан бастап оның алдындағы Dennis Technology Labs сынақтарынан өткен едік. SE Labs киберқауіпсіздік шешімдерін өте күрделі және шындыққа жақын сынақтан өткізеді. Сондықтан біз өз өнімдеріміздің жылдар бойы осы сынақтарда тиімділігін растайтынын мақтанышпен жариялаймыз. Тұрақты тәуелсіз тестілеудің арқасында біз жетілдіруге арналған аймақтарды табамыз, ал біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз «Касперский Зертханасының»шешімдерінде қорғаудың жоғары сапасының тәуелсіз дәлелі болып саналады», — деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» қауіп-қатерді зерттеу басқармасының басшысы Александр Лискин.
«Біздің сынақтарымыздың негізінде шабуылдар мен қауіптердің озық түрлері жатыр. Шешімдердің пайдаланушылар құрылғыларын қорғау қабілетін бағалай отырып, біз сатушылар өз өнімдерінің тиімділігі мен өзектілігін сақтау үшін қандай күш жұмсайтынын көре аламыз. «Касперский зертханасы» 2022 жылдағыдай бірінші тоқсанда айтарлықтай зор нәтижелерге жетті. Оның шешімдері қорғаудың 100% деңгейін растауды жалғастырып, компания өз өнімдерінің мүмкіндіктерін үнемі жетілдіруге ұмтылысын көрсетіп отыр», — деп атап өтті SE Labs бас директоры Саймон Эдвардс.
Тестілеу нәтижелері туралы толық есепті мына сілтемелер арқылы көруге болады: «Шағын бизнес өнімдері», «Ірі бизнес өнімдері» және «Үйде қолдануға арналған өнімдер».
Зиян бағдарламалардан қорғаудың максималды тиімділігін көрсеткен «Касперский Зертханасының» өнімдері туралы толығырақ мағлұмат білу үшін мына парақшаларға кіруге болады: бизнеске арналған Kaspersky Security, Kaspersky Small Office Security және Kaspersky Plus.