«Касперский зертханасы»: қазақстандықкомпаниялардың басым бөлігі кибершабуылдар нәтижесінде деректердіңжоғалу қаупіне жол береді

«Касперский зертханасы» сауалнамасы*қазақстандық компаниялардың АТ-мамандарының көпшілігі (73%) деректердіжоғалту немесе ұрлау мүмкіндігіне жол беретінінкөрсетті. Бұл ретте сұралғандардың төрттен бірбөлігі кибершабуылдан зардап шегуықтималдығын 50% деп бағалайды.
Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, орта және ірі бизнестің әрбір үшінші кәсіпорны АТ-қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тараптағы АТ-компанияларының қызметтерін пайдаланады (31%). Оның үштен бірі осы қызметтерге 800 000 теңгеден және одан да көп жұмсайды. Компаниялардың 3% —да шығыстар 8 млн теңгеден астамды құрайды.
«Кез-келген компания, оның көлеміне немесе қызмет саласына қарамастан, деректердің жоғалуына немесе бұзылуына тап болуы мүмкін. Бұл қалай сырттан бағытталған мақсатты шабуыл болса, солай мысалы адам факторы сияқты кездейсоқтықтан да болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қызметкерлерге киберқауіпсіздік пен цифрлық сауаттылық негіздерін үйрету, сондай-ақ сенімді қорғаныс шешімдерін қолдану маңызды. Мысалы, «Касперский зертханасында» орта және ірі бизнес үшін қолайлы өнімді таңдауға болады», — деп атап өтті Валерий Зубанов, Қазақстан,Орталық Азия және Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры.
Деректердің жоғалуын болдырмау үшін сарапшылар мыналарды ұсынады:
* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысы бойынша 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтардажүргізді. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін 100-ден астам АТ-мамандар қатысты.