Выбор редакцииҒылым және техника

«Касперский зертханасы» Қазақстандағы балалар ең жиі пайдаланатын қосымшаларды анықтады

«Касперский зертханасының» мамандары 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы балалар қандай қосымшаларда көбірек уақыт өткізгенін талдады. Kaspersky Safe Kids деректеріне сәйкес, смартфондар арқылы балалар көбінесе бейнеплатформаларға кірген. Ең көп қолданылған қосымша – YouTube – ең танымал он қосымшада өткізілген жалпы уақыттың 29% осы платформаға тиесілі болды. Екінші орында – TikTok (16%), ал үштікті WhatsApp мессенджері (14%) аяқтайды.

Компьютерлерде балалар ең көп уақытты Google Chrome (32%) және Microsoft Edge (12%) браузерлерінде өткізген. Танымал бағдарламалардың қатарында ойын қосымшалары да бар – Roblox (9%) және Discord (8%).

«Касперский зертханасының» мамандары ескертеді: алаяқтар қолданушылардың қалауын қадағалап отырады және өз алаяқтық схемаларында танымал қосымшаларға сүйенеді.

Қазақстанда сабақ кезінде мектеп оқушыларының смартфон қолдануына заңмен тыйым салынған. Алайда жазғы демалыс басталғанда, балалардың интернетте көбірек уақыт өткізуіне мүмкіндік артады. Сондықтан тіпті танымал әрі сенімді қосымшаларды қолданғанда да мұқият болу қажет. Алаяқтық немесе зиянды контентпен кез келген жерде – мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде, ойын платформаларында, бейнехостингтерде – кезігуге болады.

Мысалы, алаяқтар YouTube-қа танымал ойын жайлы видео жүктеп, сипаттамасында тегін қосымша немесе читы жүктеп алу үшін сілтеме қалдыруы мүмкін. Егер қолданушы бұл алдау әрекетіне алданып қалса, құрылғысына зиянды бағдарлама жұғуы мүмкін. Сондықтан интернеттегі кез келген ақпаратқа сыни көзбен қарап, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке немесе төлем деректерін сенімсіз ресурстарда енгізбеу өте маңызды.

Желіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Касперский зертханасы» мынадай кеңестер береді:

  • барлық аккаунттар үшін күрделі және бірегей құпиясөздерді орнатыңыз. Олар ұзын болып, кіші және бас әріптерден, сандар мен арнайы белгілерден тұруы керек;
  • мүмкін болған жағдайда қосымшаларда екі факторлы аутентификацияны іске қосыңыз;
  • Kaspersky Premium секілді цифрлық өмірді кешенді қорғайтын шешімдерді пайдаланыңыз.

Ескерту: статистика анонимді түрде Kaspersky Safe Kids жүйесі арқылы жиналды. Android операциялық жүйесіндегі мобильді құрылғылар мен Windows жүйесіндегі компьютерлерде балалардың қосымшаларда өткізген сағаттары есепке алынды. Ең танымал он қосымшада өткізілген сағаттардың жиынтығы 100% деп алынып, әр қосымшадағы уақыт үлесі пайызбен көрсетілді. 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін кезең.

Другие новости

Back to top button