«Касперский зертханасы» бейінді жоғары оқуорындарының оқытушылары мен студенттеріне IT саласында дағдылардықалай дамыту керектігін айтты

«Касперский зертханасы» С. Торайғыроваатындағы Павлодар мемлекеттік университетіндеҚазақстан үшін киберқауіпсіздіктің өзектіаспектілері туралы конференция өткізді. Kaspersky Cyberday — да 250 — ден астамтыңдаушылар -ЖОО және басқа да оқуорындарының оқытушылары, студенттер, IT—мамандары жиналды.
«Касперский Зертханасыны» өкілдері IT-кадрларды даярлау үдерісіндегі заманауи сын — қатерлерді, сондай-ақ бизнес және өнеркәсіптікортадағы киберқорғау стратегияларынталқылады. Қатысушыларға киберқауіпсіздіктегімансаптық перспективалар туралы айтылды, IT — да жұмыс істеу үшін кәсіби дағдылардыдайындау және дамыту бойынша кеңестерберілді.
«Павлодарда ақпараттық технологияларғабелсенді қызығушылық танытатын дарынды жастар өте көп. Сондықтан біз бүгінстуденттермен киберқауіпсіздік туралы білімменбөлісу үшін жиналдық. IT-технологиялардың бұлсегменті Қазақстан Президентінің 2025 жылғақарай Қазақстанда 100 мыңға жуық жоғары біліктіайтишниктерді оқыту қажеттілігі туралы жақындасөйлеген сөзіне байланысты өзектілікке иеболды. Біз өз тарапымыздан студенттердіреспубликаның түрлі қалаларында оқытамыз. Бұл біздің қазақстандық қоғам алдындағыкорпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміз», — деді «Касперский Зертханасының» мемлекеттікоргандармен байланыс жөніндегі менеджеріҚайыржан Абдрахманов.
«Павлодар облысында ІТ саласына жастардыңқызығушылығын арттыру бойынша үлкен жұмысжүргізілуде. Бізде мүмкіндігінше көп студенттердіоқыту мақсатында әдістемелік жұмыс істейтінбірнеше бағыттар бар. Атап айтқанда, бұлкиберқауіпсіздік сегменті. Мысалы, шілде айындабіз «Касперский зертханаларымен» Меморандум жасадық, оның аясында киберқауіптер туралыақпарат, интернеттегі бұзушылықтардың алдыналу саласындағы тәжірибе алмасуды бастадық. Болашақта одан да көп бастамалар іске асырылабастайды деп үміттенеміз», — деп атап өттіПавлодар облысының Цифрлық технологияларбасқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.
«Касперский Зертханасы» туралы
«Касперский зертханасы» — 1997 жылданбастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлыққұпиялылық саласында жұмыс істейтінхалықаралық компания. Бизнестің, маңызды инфрақұрылымның, мемлекеттік органдардың және қарапайым пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынның қорғау шешімдері мен сервистерінің негізінде компанияның терең сараптамалық білімі мен көп жылдық тәжірибесі жатыр. «Касперский Зертханасының»кең портфолиосы соңғы құрылғыларды қорғауға арналған озық технологияларды, бірқатар арнайы өнімдер мен қызметтерді және күрделі және үнемі дамып келе жатқан киберқауіптермен күресуге арналған кибериммундық шешімдерді қамтиды. «Касперский зертханасы» технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам қолданушылар мен 220 мың корпоративті клиенттерді қорғайды. Толығырақ мына сайтта www.kaspersky.ru.