Госорганы

Кәсіпкерлер салық төлеуден босатуды сұрады – «Атамекен»

Кәсіпкерлерден түскен 160-тан аса сауалдың 22-сі қосымша құн салығына қатысты

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына және жаңа салық кодексінің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы іске кірісті. Бүгін жиын барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері қосылған құн салығын есептеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰКП-ның мәлімдеуінше кәсіпкерлерден түскен 160-тан аса сауалдың 22-сі қосымша құн салығына қатысты.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, Ұлттық палата жалпы салық заңнамасын жеңілдету және ҚР жаңа Салық кодексінде қосымша құн салығы бойынша кәсіпкерлердің нақты позициясын қалыптастыруды көздейді.

«Жалпы алғанда біз салық кодексін оңайлатуды, базалық өлшемдер, жекелеген индикаторлар баршаға бірдей болғанын қолдаймыз. Бұл ретте қазір бірінің үстіне бірі қатпарланып жатқан ерекше жағдайлар айлалы әрекеттер жасаудың механизміне айналып барады», – деді Тимур Жаркенов.

ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова дәрілік заттарға қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктерді жою мәселесіне өте мұқият қарау керек деп санайды.

«Егер дәрілік заттарға ҚҚС енгізілсе, бұл ретте біз дистрибьютерлердің қоймаларында бар дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтардың барлық қалдығын есепке қоймасақ, онда кәсіпкерлер контейнерлермен келетін өнімдердің құнын төлей алмай қалады. Бұл баршаны алаңдататын негізгі мәселе. Ешкімде ҚҚС-ны төлеуге бөлінген айналым қаражаты жоқ. Сондықтан, егер біз ҚҚС-ның енгізілмеуіне қол жеткізе алмасақ, онда біріншіден өтпелі кезеңді белгілеу керек. Екіншіден, сараланған тәсілдемені қалдыру керек. Үшіншіден, біз ештеңе істей алмай, ҚҚС енгізілетін болса, онда мемлекеттік кірістер департаменті қолда бар қалдықтарды есепке қоюы керек», – деді спикер.

Жиында экономиканың бірден бірнеше саласының өкілдері оларды ҚҚС-ны төлеуден босатуды сұрады. Олардың қатарында, білім беру, көлік саласы (әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар тасымалы) бар.

«KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастық» ЗТБ басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов қалдықтарды өңдеу, жинау, тасымалдау және жою саласын да ҚҚС-нан босатуды ұсынды. Спикердің пікірінше, бұл шара халыққа да, салаға да пайдалы болар еді. Өйткені саланы дамыту үшін ақша пайда болады.

«Өзінің жарамдылық циклін аяқтаған соң қайталама материалдық ресурстар – пластик, қағаз, металл және картонға кейбір жағдайларда ҚҚС 5-7 рет салынады. Бұл жайт өнімнің жарамдылық циклінің логикасына қайшы келеді. Өнімдер пайдаланылғандықтан, сусын ішіледі, өнімдер тұтынылады, қалдықтарды экологиялық таза жолмен жою міндеті туындайды. Біз мұндай өнімдерге ҚҚС салу дұрыс емес деп санаймыз», – деді Шынболат Байқұлов.

Сонымен қатар жұмыс тобында кәсіпкерлер мемлекеттік органдардағы цифрлық жүйенің төмен деңгейін атап өтті. Қазақстан салық консультанттары қауымдастығының басқарма төрағасы ҚҚС қайтару кезінде автомат режимді қолдануды жақтады.

«Қазіргі кезде ҚҚС-ны қайтару – өзекті тақырып. Мемлекеттік кірістер жүйесінде цифрландыруды енгізілгеніне талай уақыт болды. Алайда ҚҚС-ны қайтару кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға және басқада процедураларға байланысты мәселелер туындайды. Мемлекеттік кірістер комиетті осы процедураларды реттеп, біртұтас жүйе жасағанын қалаймын. Сонда декларацияны тапсырған кезде, егер артық болса, егер компания ең төменгі тәуекел дәрежесінде болса, салық кодексі талап ететін барлық шарт орындалған болса, компанияларға ҚҚС-ны автоматты түрде қайтарылады», – деді спикер.

Жұмыс тобының жиындары күн сайын өтеді. Жақын күндері жұмыс тобы 30 қарашаға дейінгі мерзімде Экономика министрлігіне жаңа салық кодексінің жобасына қатысты өз ұсыныстарын жібереді. Жұмыс тобы жаңа салық кодексіне ұсыныстарды талқылауды желтоқсанда бастайды.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа салық кодексін әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл ретте кодекстің түйткілді блогы – салықтық әкімшілендіру толығымен жаңартылуы тиіс.

Другие новости

Back to top button