ГлавноеГосорганы

Кәсіпкер Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды үкім шықты деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Судья Кемеңгер Имашев Сатыбалдыны кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, прокурор Сатыбалдыға сегіз жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Жәбірленушілер сотта шамамен 12 миллиард теңге қайтаруды талап етті, олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагузов пен Айгүл Мекешева бар.

Гүлмира Сатыбалды басында айыптар бойынша кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді, алайда кейінірек Айгүл Мекешевамен даулы медиативтік келісім жасасты.

Другие новости

Back to top button