Денсаулық

Кардиолог жауапсыз махаббаттың салдары қандай болатынын айтып берді

Жауапсыз махаббат салдарынан «жаралы жүрек» синдромы пайда болуы мүмкін. Бұл кей жағдайда, тіпті, өлімге әкеп соғады. Бұл туралы кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Серебрянский айтты.

«Өмірде бәрі ғашық болады, кейде махаббат хикаясы сәтті аяқталмайды. Содан кейін адам стрестік күйге түседі, жүректе өзгерістер дамиды. Бұл миокардиодистрофия деп аталады, ол кейде байқалмайды. Жүрек тамырлары қысылған кезде спазм пайда болады, қан ағымы бұзылады. Жүрек бұлшықеттерінде қан кетуі мүмкін. Мұндай жағдай өлімге әкеп соғады. «Жаралы жүрек» синдромы деп аталады», — деп түсіндірді Юрий Серебрянский.

Кардиолог бұл синдром көбінесе махаббатқа байланысты және мазасыздықтың басты себептерінің бірі екенін айтты, деп жазады Ura.news.

«Әсіресе, егер адамнан күтпеген жерден айырылғанда осылай болады. Біз тек ерлер мен әйелдер арасындағы махаббатты ғана айтып отырған жоқпыз. Жақын туыс, ата-ана, адам өте жақсы көретін досы болуы мүмкін. Жүрек шыдамай, қан кетіп, тартылуын тоқтатады. Салдарынан адам қайтыс болады», — деді Юрий Серебрянский.

Другие новости

Back to top button