Выбор редакцииПроисшествия

Каналдағы суға қатып өлген ер кісінің мәйіті табылды

Канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбаны ТікТок қолданушысы жариялады. Автордың мәліметінше, оқиға бүгін болған. Видеодан үстіне футболка мен бұтына шалбар киіп, екі қолын кеудесіне қойып қатып қалған ер адамды көруге болады. Судан оның иегімен екі қолы ғана шығып тұр. Ал сырт киімдері канал маңында жатыр.

Мәйіттің нақты қай өңірде табылғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Желі қолданушылары да ер кісінің денесі қайдан табылғанын білмей дал болды. Кейбірі ер азаматты әлдекімдер қасақана өлтіріп, суға тастап кеткен десе, енді марқұм ішімдік ішіп суға түскен деген болжамдарын жасады.

«Құдайым-ау бір үйдің асыраушысы», «Алла сақтасын», «Жауыздар, барлығын Алла көріп тұр», «Адамдар не боп барады?», «Өлтіріп кеткен бе? Иманды болсын», «Мас болған адам ғой. Қызынып суған түсемін деп киімін шешіп, сол беті тұра алмай қалған», «Бұл жерде жалғыз өзі болмаған-ау, жанында адамдар болған сияқты», «Өлтіріп тастап кеткен ғой», «Меніңше мас боп түскен сияқты» деп жазды желі қолданушылары.

Другие новости

Back to top button