Главное
«Кәмелетке толмаған екі баласы бар»: адвокат Қалиахметке үкім шығаруда жұмсақтық танытуды сұрады

Талдықорғанда өтіп жатқан атышулы сот процесінде Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова қорғауындағы азаматтың кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін айтып, бұл жайттың үкім шығару кезінде ескерілуін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дидар Қалиахметтің кінәсі толығымен дәлелденбеді. Ол топқа қосылғаны туралы нақты айғақтар жоқ. Бұрын сотты болмаған, қылмысқа тартылмаған. Ең бастысы — оның екі кішкентай баласы бар. Қазір олар әкесінің қамқорлығына зәру. Соттан ел аузындағы пікірге емес, нақты факті мен адам тағдырына мән беруді сұраймын», – деді адвокат жарыссөзде.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дархан Қалиахметке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.