Жылуға жарымай, суы жарылған Ақтау енді жарықсыз қалды
Ақтауда қатты жел салдарынан қаланың жартысы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
МӘН-ЖАЙЫ
Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, жарық МАЭК кәсіпорнының желісіндегі ақаудан сөнген. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қатты жел салдарынан кей үйлердің шатыры ұшып жатыр. Көшедегі бағдаршамдар істен шығып, кептелістер пайда болған.
ШАТЫР
Қатты жел бірнеше аялдаманың шатырын ұшырып әкеткен.
Салдарынан Маңғыстау облыстық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі дене жарақытымен 3 адам жеткізілген. Жағдайлары орташа ауыр.
Бұған дейін қатты желдің салдарынан Ақтауда аялдама құлап, бір адам зардап шеккен.
Полиция автобус аялдамасының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
АПАТТАР ТІЗБЕГІ
Соңғы уақытта Ақтауда коммуналдық салада бірінен кейін бірі апат болып, қала біресе жылусыз, бірасе сусыз қалған.
Бір апта бұрын ғана қалада су құбырлары 12 жерден жарылып, бірқатар ықшамаудар сусыз қалған,
Оған дейін бірнеше күн Ақтау тұрғындары жылу мен ыстық суға жарымай отырғанын хабарлағанбыз. Тұрғындар кейбір аудандарда жылу болғанымен, оның қысымы өте әлсіз екенін жеткізген.