Госорганы

Жылу электр орталығы мамандарының айлығы қанша – министрлік мәліметі

 Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында жылу электр орталықтарындағы мамандардың айлығы қанша екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жалақының төмен деңгейіне байланысты кадр жетіспеушілігі туындап отыр.

«Қазақстандағы жылу электр орталығы өндірістік персоналының орташа жалақысы 2021 жылы 224 100 теңгені құрады. Өздеріңіз білетіндей, жылу электр орталығында шығындар жылу және электр энергиясы бойынша бөлінеді. Жылу электр орталықтарында жылу энергиясының тарифтерінде 5% жыл сайынғы еңбекақы төлеу қорын өсіруге бағытталады. Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді қарау кезінде электр энергиясын өндіруге тартылған персонал жалақысын 15% өсіруді көздеді», — деді Болат Ақшолақов.

Оның сөзіне қарағанда елдегі жылу-электр орталықтарының 76 пайызы қызмет көрсету мерзімін түгесуге жақын.

 

«Жылу электр орталығының орташа пайдалану мерзімі – 61 жыл. Олардың шамамен 76% 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр», — деді Болат Ақшолақов.

Другие новости

Back to top button