Госорганы

Жылдың алғашқы үш күнінде 116 адам апаттан зардап шекті

Жылдың алғашқы үш күнінде 116 адам апаттан зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде Қазақстан жолдарында орын алған апаттардан 116 адам зардап шегіп, өңірлердің төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді. Мұның ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел, 76 адам стационарға жеткізілді, 9 адам қаза тапты», — деп жазды ведомстводан.

 

Жолдарда зардап шеккендердің барлығына амбулаториялық және стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Другие новости

Back to top button