Госорганы

Жыл басынан өндірісте 69 жұмысшы қаза тапты – Еңбек министрлігі

 Биылғы алты айда өндірісте 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты. ҚазАқпарат бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте өндірісте жарақат алу 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4% төмендеген.

Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында – 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 50 жұмысшы жарақат алды.

Тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында жұмысшылар ең көп зардап шегеді – 21,8 %, екінші орында құрылыс саласы – 10,6%.

Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: жұмысшының абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).

Соңғы бес жылда қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірісте жарақат алу 6,5% төмендеген.

Другие новости

Back to top button