Культура

Журналист Динара Сатжан жаңа бағдарламасына соғысты қолдайтын ресейлік тележүргізуші Собчакты шақырды

Қазақстандық журналист Динара Сатжан жаңадан басталған «Late night show with Dinara Satzhan” бағдарламасының алғашқы қонағы ретінде ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакты шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Динара Сатжанның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Ксения Собчактың қазақстандық шоу бағдарламаға келуі желі қолданушылары арасында дау тудыруда.

«Өзіміздің қазақ зиялыларымен, не Президентпен сұхбат болғанда ғой. Шіркін-ай!», «Путинді де шақырсаңыз керемет болар еді», «Собчакты Юрий Дудьпен салыстыруға келмейді. Собчак тек агрессивті шабуыл жасауды біледі және тек өзінің көзқарасын дұрыс деп санайды. Собчак журналист және сұхбат беруші ретінде орташа деңгейде. Ол хайптың арқасында ғана жақсы рейтингтерге ие болуда», — дейді пікір білдірушілер.

Қазақстандықтардың шу көтеруіне бірден бір себеп тележүргізуші Ксения Собчактың соғысты қолдауы және орыс әскеріне демеу ретінде ақша жіберуі.

«Әскерді қолдауға келгенде украиндарға ақша беруім керек пе? Көпшілігі бізді мүлдем адам емес, орыстар өлуі керек дейді. Мен осында тұрып, жұмыс істеуім керек. Мен Ресей азаматымын», — деді Собчак «А вот мой яндекс кошелёк» блогына берген мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалған «Камызяки» КВН тобының Қазақстандағы концерті өтпейтіні және Қазақстандықтар соғысты қолдайтын «Непара» тобының концертін тоқтатуды талап еткені туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button