Карагандинская область

«Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды»: Қарағандыда екі автобус соқтығысты

15 жолаушы зардап шекті

Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын қалалық бағдардағы №41 және №146 маршруттағы екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жол-көлік оқиғасынан №41 бағдардағы автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сол сияқты 15 жолаушы мен №146 бағдардың жүргізушісі медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиға кезінде №41 автобустың іші бос болатын», — деп хабарлайды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы егжей-тегжейлі анықталып жатыр.

Другие новости

Back to top button