Госорганы

“Жүкті болуы мүмкін”: Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты жаңа ақпараттар пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

 

Бишімбаевтың әйелінің денесінде пышақ жарақаттары болмаған. Оқиға кезінде экс-министрдің өзі мас болған.

Астана сот-медициналық сараптамасы өкілінің Оrda.kz хабарлауынша, тексергенде, марқұм Нүкенованың денесінен пышақ жарақатының іздері табылмаған. Тек дененің жұмсақ тіндерінің, сондай-ақ бас аймағындағы гематомалардың іздері анықталған. Болжам бойынша, басынан соққы алып, соңы өліммен аяқталған.

Қылмыс орнында пышақ болған, бірақ Бишімбаев полицейлер келген кезде онымен өзін өлтіремін деп қорқытқан.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық жедел жәрдем станциясының басқару пультіне сағат 19.54-те қоңырау түскенін хабарлады.

“Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін 1992 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын растады. Мәйіт полицияға тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпарат бойынша, Бишімбаев соңғы 24 сағат бойы Bau мейрамханасында болған.

Мейрамхана қызметкерлерінің айтуынша, Бишімбаев сәрсенбіден бейсенбіге дейін 24 сағат бойы мейрамханада болған, тіпті түнде де шықпаған. Бүгін кешке ерлі-зайыптылар VIP бөлмеде отырған және олардың арасында жанжал туындаған. Мекеме қызметкерлері олардың дауласқанын естіген. Артынша ұрыс қол көтерумен жалғасыпты. Даяшы жедел жәрдем шақырған көрінеді.

Бишімбаевтың әйелі туралы не белгілі?

Қуандық Бишімбаевтың көз жұмған әйелі Павлодар қаласының экс-әкімі — Қайрат Нүкеновтің жиені.

Салтанат Нүкенова жүкті болуы мүмкін. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында айтқан. Ақпаратты Салтанат Нүкенованың желідегі оқырмандары бөлісті.

Салтанат әлеуметтік желіде Қуандық Бишембаевпен бақытты отбасылық өмірдің суреттерін жиі жариялап отырған. Айта кетейік, оның марқұм жары Салтанат Түкенова астрологиямен айналысқан. Консультациясы 80 мың теңге болыпты. Күйеуімен консультацияға келгенде танысқан екен.

Салтанат Нүкенова, алдын ала мәлімет бойынша, күйеуі Қуандық Бишембаев салған жарақаттан көз жұмған. Ол қамауға алынды.

Другие новости

Back to top button