Госорганы

Жолдағы тексеріс жыл бойы жалғасады

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары Алматы көшелеріндегі жол белгілерін тексеріп, олардың талапқа сай болуын, дұрыс орнатылуын жыл бойы тексеріп, қадағалап отырады.

 

Қыс мезгілінде автомобиль жолдарында құрылыс қарқыны бәсеңдеп, тіпті жол бойындағы жұмыстар тоқтайды. Ал жол сапасын тексеруші мамандар мұндай кезде де қол қусырып отырмай жол бойындағы белгілерді, жол сапасын тексеріп, түрлі сынамалар алып тыным таппайды.


“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” Алматы қалалық филиалының мамандары қала көшелеріндегі жол белгілерін жыл басынан бері тексеруде. Себебі қаладағы жол қауіпсіздігі үшін, жол апаттарының алдын алу үшін орнатылған белгілердің маңызы өте зор. Зертхана инженерлері арнайы аппараттармен белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың биіктігі мен дұрыс орнатылуын қадағалауда.

«Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы 600-ден астамжуық жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріп, олардың ішінен жарық қайтару көрсеткіштері МЕМСТ 32945  талаптарына сәйкес еместерін анықтады», деп жазылған баспасөз хабарламада.

ЖАҰСО Алматы филиалының инженері Айдар Бейсбековтің айтуынша, жол белгілердегі ең жи кездесетін сәйкес келмеу — жарық қайтару коэффициенті дұрыс емес, орнатқанда биіктігі талапқа сай емес. Мәселен, Думан ықшамауданында «Жол» ЖШС «Магистраль» жеке кәсіпкерлігі әзірлеген жол белгілерін орнатқан. Тексеру барысында анықталған олқылықтарды түзету туралы хаттама мердігерлерге, жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады.

Алматы қаласында “Жол активтерінің ұлттық  сапа орталығының” бақылауында 3000 шақырымнан асатын жол бар.

Другие новости

Back to top button