Костанайская область

«Жолда жалаңаш отыр»: Қостанайда елді шошытқан ер адам сот алдында жауап берді (ВИДЕО)

Қостанай аудандық сотында Тобыл қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қостанай тұрғындары жолдың ортасында отырған жалаңаш адамды видеоға түсіріп алған. Тобыл қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«2024 жылғы 24 тамызда құқық бұзушы С.ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Яғни, айналасындағыларға құрмет білдірмеген. Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, Қостанай ауданының Тобыл қаласы-Мичуринское ауылы қатынасында автожолда жалаңаш күйде отырған», — делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.

Сотта азамат С.құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот құқық бұзушыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 51 600 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Қостанайда бұған дейін тағы бір жалаңаштанған ер адам автотұрақтағы көліктің алдында дәрет сындырған еді.

Другие новости

Back to top button