ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Р. Исақұлов азаматтарды қабылдады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Рахымжан Исақұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, құрылыстың сапасы және мүлік иелерінің бірлестіктерінің (МИБ) жұмысы туралы өтініштер қаралды.
Кездесуде ортақ мүлікті күтіп-ұстау, МИБ қызметін ұйымдастыру және қабылданатын шешімдердің ашықтығы, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Тұрғындар мен МИБ арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі мен басқару тәсілдері назарда болды.
Әр өтініш бойынша азаматтардың айтқандары тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша тексеруді талап ететін мәселелер бейіндік бөлімшелердің бақылауына алынды. Осындай қабылдаулар тұрғын үй қорын басқаруды жетілдіруге және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік болып табылады.



