Социум
Жолбарыс ауылға шабуыл жасап, бір адамды орманға сүйреп кеткен
Үндістанда жолбарыс ауылда шопандарға шабуыл жасап, 5 шопанның біреуін орманға сүйреп кеткен, деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жыртқыштың шабуылы Балагхат штатында орын алған. Жолбарыс Мадави есімді азаматты ұстап алғанда оның жолдастары қаша жөнелген. Сөйтіп ауылға келіп, бірден орман шаруашылығы департаментіне хабарласқан.
Департамент қызметкерлері жедел түрде Мадавиді іздеуге шығады. Көп ұзамай олар жыртқыш шабуылынан жан тапсырған ер адамның денесін табады. Оның өлімі көп қан жоғалту салдарынан болған.
Ал ауыл тұрғындарына жыртқыш ұсталғанша, үйлерінен шықпау керектігі ескертілген. Қаза тапқан ер адамның отбасына өтемақы төленеді.