Происшествия

Жол апаты салдарынан екі адам тірідей жанып кетті

«Алматы-Өскемен» автожолының 54 шақырымында көліктердің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 30 қаңтарда болды. Mersedes-Benz және Ford автокөліктерінің қатысуымен болған жол апатынан екінші көлік отқа оранды. Соның салдарынан Ford-тың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, қажетті сараптама жұмыстары жүргізілуде. Аталған дерек бойынш а ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес Қонаев қаласының ПБ қылмыстық іс қозғады,

— делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button