Улытауская область

Жезқазғанда суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды

Құтқарылған ер адам Жезқазған қаласының полиция бөліміне жеткізілді

Жезқазғандық полицейлер ер адамды суицидтен аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жезқазғанда қала тұрғыны Сейфуллин көшесіндегі үйдің балконында ер адам қатты айғайлап, көршілерінің ұйықтауына кедергі келтіріп жатқаны туралы полицияға хабарлаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде белгісіз ер адамның балконнан секірмек болғанын байқаған. Полиция лейтенанты Берік Амралинов пен Тоқтар Мұханбетжан тез арада азаматты балконнан шығарып, аман алып қалды.

«Пәтерде ешкім болмады. Үйге кіру үшін есікті сындыруға тура келді. Үйге кірген кезде балконда асылып тұрған ер адамды көрдік. Егер біз сәл кешіксек ол секіріп кетер еді», — дейді полицейлер.

Құтқарылған ер адам Жезқазған қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Другие новости

Back to top button