Улытауская область

Жезқазғанда 80 адам қаржы пирамидасына 63 млн теңге салған

Оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Аталған фактіні ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті өңірлік  прокуратураның үйлестіруімен және Агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде  анықталды.

«Күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда («YouTube» бейнехостинг сайты, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілер), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы — адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы –  бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеу жүргізуде.

ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Другие новости

Back to top button