Жетысуская область

Жетісу облысының әкімі мәйіті өзен бойынан табылған қалалық білім бөлімі басшысының өліміне қатысты пікір білдірді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кеше Қаратал өзенінен денесі табылған Талдықорған қалалық білім бөлімі басшысының өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Орталық коммуникациялар алаңында әкім “Неге Жетісу облысында білім бөліміне қатысты даулы оқиғалар көбейіп кетті?” деген сұраққа жауап берді.

“Шын мәнісінде кеше Қаратал ауданының Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оны құзырлы органдар тексеріп жатыр. Мен алдын ала ешнәрсе айта алмаймын. Рас, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты үлкен қылмыстық іс қозғалды. Неге Жетісу облысында білім бөліміне қатысты даулы оқиғалар көбейіп кетті? Бұл сұрақтың жауабын бірге іздейік. Бұндай істер тек қана Талдықорғанда ғана бар деп ойламаймын. Біздің ескі мемлекеттік басқару кезеңінде көптеген мемлекеттік аудандарымызда тек қана білім беру саласы емес денсаулық, мәдениет, құрылыс саласында барлығында бұндай былықтар орын алып жатыр. Желтоқсан айында маған құзырлы органдар ақпарат берді. Түгелімен қылмыстық топты қолға түсіргенге дейін ұл іс жабық болады. Ақыры қазір барлық іс ашылды. Барлықтары кінәсін мойындап, тергеу ісі жүріп жатыр”, – дейді ол.

Әкімнің айтуынша, Роза Барманованың бұл іске қатысы бар-жоғы, қандай себептен өмірден өтті оны тергеу орындары анықтайды.

“Роза Барманова ханым былтыр тамыз айында мектептегі планшеттерге байланысты заңбұушылық жасағаны үшін іс қозғалып, аайыппұл салынып, қызметінен босатылған. Жағдайдың әділ тергелуін құзіретіме сай бақылауыма аламын”, – деді ол.

Еске сала кетсек, 11 маусымда Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қаласының білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың денесі табылғаны жайлы ақпарат шықты.

Другие новости

Back to top button