Алматинская область

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан екі жас жігіт қаза тапты

Қайғылы оқиға Алматы – Қорғас тасжолында болған

Жетісу облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, жол апаты Алматы – Қорғас тасжолында, Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333-шақырымында болған.

«Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Другие новости

Back to top button