Жетысуская область

Жетісу облысында газ тартуға қатысты 150 млн теңге негізсіз төленген

Жетісу облысында газ тартуға қатысты 150 млн теңге негізсіз төленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу облысының прокуратурасы талдау аясында 150 млн теңгеден астам сомаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен материалдарды анықтады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу«жобалық-сметалық құжаттамасында 75 км болат құбырларды төсеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл ретте жобада көрсетілген жұмыс көлемі 26 км болып бекітілгені көрсетілген»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жобаға негізсіз енгізілген және нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық 49 км-ден астам желіні құрады.

«Прокуратура актісі бойынша тапсырыс беруші негізсіз енгізген жұмыстар жойылды және шарт сомасы азайтылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен

Другие новости

Back to top button