Жетісу облысында экс-шенеунік су шайып кеткен жол үшін 22 млн теңге айыппұл төледі
Жетісу облысының прокурорлары қираған жолдың қалпына келуіне және лауазымды тұлғаның жазалауына қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокуратура мәліметінше, сот үкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
«2023 жылы еріген судың шайып кетуінен қираған Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамдық наразылық тудырған. Прокурорлық тексеру барысында аталған аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды», — делінген ведомство хабарламасында.
Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Тергеу жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты көрсетіп жобалық-сметалық құжаттама жасамаған және сараптама жүргізілмеген анықтады. Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан. Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден астамды құрады», — делінген хабарламада.
Өз кінәсін мойындағаннан кейін, сотталушының жасын және келтірілген зиянды толық өтелгенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.