Жетысуская область
Жетісу облысында балабақша директоры жоқ балаларды тіркеп, 11 млн теңге жымқырған
Панфилов ауданындағы балабақшалардың бірінде жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Kaisar KK» бөбек жайының директоры 2 жыл бойы балабақшаға келмеген балаларды барды деп көрсетіп, жалған есептер ұсынған.
Осылайша ол бармаған балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған.
«Сот бұл әрекетті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», — делінген прокуратура хабарламасында.